Қазақстанда темекі шегуге болмайтын жерлер саны артты. Тыйымды бұзғандар 42 мың теңге төлейді

Табак өнімдеріне қатысты басқа да тыйымдар пайда болды


06/08/2020
14:35 47996 0

Фото дереккөзі: Tengrinews.kz

 

Қазақстанда шылым, электрон темекі, кальян және басқа табак өнімдерін шегуге болмайтын қоғамдық орындар саны ұлғайды. Бұны ҚазИнформ хабарлады

 

Енді қазақстандықтар жабық аялдамаларда, балалар алаңдарында, метро және жерасты өткелдерде шеге алмайды. Бұрын бұл тізім мынадай еді;

 

- білім орталықтары;

- медицана орталықтары;

- тамақ ішу орындары;

- театр, кинотеатр, мұражай, кітапханалар және т.б;

- мемлекеттік мекемелер, органдар;

- үй подъезді;

- вокзал, аэропорттар және т.б;

 

Сонымен қатар азаматтар енді қоғамдық орындарда кальян шеге алмайды. 

 

Біздің жастар кальянды мекемелерде қолданады. Енді оларға толықтай тыйым салынды. Дәмханаларда, қоғамдық орындарда, жазғы кафелерде шеге алмайды, оны тек үйде ғана тұтынуға болады, — деді Алкоголь және темекі өнімдерін сату қауымдастығының атқарушы директоры Темірлан Жақыпбеков.

 

Одан басқа мынадай тыйымдар салынды. 

 

- Темекі мен кальяндарға арналған қоспаларды 21 жасқа толмағандарға сатуға болмайды. Бұрын 18 жас еді. Сатарда сатушылар тұтынушыдан жеке куәлігін көрсетуін талап етуі керек. 

- 2021 жылдан бастап темекі және кальян қоспаларын дүкен сөрелерінде көрсетуге болмайды. 

 

Тыйым салынған жерлерде темекі шеккендер енді 42 мың теңге төлейді.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/08/2020 14:35
47996 0

Уведомление